"Халықаралық Отбасы күні"
"Шұғыла" бөбекжайында 15мамыр "Халықаралық Отбасы күні"мерекесіне орай ата-аналар арасында спорттық эстафеталық сайыс ұйымдастырылып өткізілді.Сайысқа қатысушылар "Найзағай", "Жұлдыз" атауымен екі топта 6кезеңнен тұратын көңілді спорттық ойындар ойнап бақтарын сынасты.Әділқазылар эстафетаны қортындылай келе нәтижесінде "Жұлдыз"тобы 1ұпаймен алға шықты,дегенмен өзара достық ретінде келісімге келе отырып сайысқа қатысқан: Курманиязовтар, Абыловтар ,Әбдікәрімовтар, Ерғалиевтар, Мендіғуловтар отбасына ұйымдастырушылар тәрбиеші Андрущенко А.Ф., психолог Койбагарова Т.В. дайындаған естелік сыйлықтар мен марапаттаулар табысталды. Алтын уақыттарын бөліп келген ата-аналарға әкімшілік атынан алғыс айтылды.
@_kobdaroo
@qobda_bilim_bolimi
"Бір шаңырақ астында"
1 Мамыр мерекесіне орай біздің бөбекжайда "Бір шаңырақ астында" мерекелік қойылым өткізілді . Қазақ жерінде тұратын ынтымағы жарасқан барлық ұлт өкілдерін мерекемен құттықтай отырып, отбастарыңызға амандық , елімізде тыныш өмір болсын деп тілейміз.
Жемқорлыққа қарсымыз!
"Шұғыла" бөбекжай бақшасында " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске" байланысты 2022-2023 оқу жылының жұмыс жоспарында белгіленген " Жемқорлыққа қарсымыз !" тақырыбында ата- аналардың арасында сурет көрмесі әр тоқсан сайын ұйымдастырылып өтуде . Бүгінгі қоғамдағы белең алған жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда белсенді іс- қимыл жасауға дайын келешек тұлғаны тәрбиелеуге өз үлестерін қосқан ата-аналарымызға зор алғысымызды білдіреміз.
"Кітапханаға саяхат" - Өткізген "Балапан"
" Кітапханаға саяхат" - Өткізген "Балапан" кіші тобының тәрбиешісі Назарова Нургуль Сарсенбаевна
Семинар психолога
Қобда аудандық білім бөлімі мемлекеттік мекемесі «Шұғыла» бөбекжай- бақшасы МКҚК 19 сәуір күні "Қарым-қатынасты түзетуді қажет ететін балалармен жұмыс кезінде психологиялық сүйемелдеуді ұйымдастыру" тақырыбындағы мектепке дейінгі ұйымдардың психологтарына арналған семинар-практикум ұйымдастырылып өткізілді. Осы семинарда бөбекжай психологы Койбагарова Татьяна Викторовна өз іс- тәжірибесін жан-жақты көрсетті.Семинар соңында қатысушы психологтар өз қоржындарына көптеген қажеттіліктерді жинап алғандықтарын,семинар «өте жақсы» деңгейде ұйымдастырылып өткізілгенін айтып көңілді күйде тарқасты.



